• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Наурыз, 2022

Ақтауда қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел ұсталды

275 рет
көрсетілді

Ақтауда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Арна мәліметінше, World Business Consulting басшысы азаматтардан жарна алды деген күдікке ілінген. Тұрғындарға тұрақты түрде сыйақы төленіп тұратыны уәде етілген. Компания сыйақыны жаңадан қосылған инвесторлар есебінен төлеген.

«Қылмыстық схема 2018 жылдан 2022 жылға дейін жұмыс істеген. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген арна сюжетінде.

Қазір зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр.