• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Пікір 04 Наурыз, 2022

Бір-бірімізді қолдау маңызды

542 рет
көрсетілді

Өзгерістер заманында өмір сүру қиын деп бекер айтпаса керек. Өзгерістер барлық жерде болып жатыр. Қазіргі таңда геосаяси әлемде де, біздің мемлекеттік құрылымымызда да, әр адамның ақыл-ойы мен жүрегінде де серпіліс әуелден басталып кетті.

Мен қашанда Президенттің үндеулерін, жолдауларын мұқият тыңдап, оқып, ал қабылдаған шешімдерін ойымда таразылап жүремін. Өйткені Мемлекет басшысының сөздері, берген тапсырмалары еліміздің бүгіні мен болашағына тікелей байланысты.

Күні кеше еліміздегі жетекші партияның кезектен тыс съезі өтіп, онда бірқатар мәселе қозғалды. Осы съезде саяси партияның аты өзгеріп, ол Amanat деген мән-мағынасы терең атауды иеленді. Бұл өз кезегінде партияның атымен қоса заты да өзгеретінін, тың бағытта, уақыт талабына сай жұмыс істеуге бетбұрыс жасауға кіріскенін білдірсе керек. Өйткені ненің болса да атына заты сай болғаны абзал ғой.

Халық Amanat-тан үлкен нә­тиже күтеді. Ел-жұрт аталған пар­тия өзінің белсенділігін арттыра оты­рып, билік пен халық арасын бай­ла­ныс­тырушы алтын көпір, қоғам­дық үнқатысу алаңы болғанын қалайды.

Ең алдымен кадр саясатын атап өтпеске болмас. Саяси ұйым­ның ат­қару­шы хатшысы Асхат Ора­лов­тың ұйым­дастыруымен, Прези­дент­тің қа­ты­суымен өткен съезде ұйым­ның бас­шылық құрамы партия­ны қай­та құру туралы ұсыныстарды өз дең­гейін­де дайындады. Бұл ұсы­ныс­­тарды Пре­зидент, партия Төр­ағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та, партия­ның жо­ғарғы органы – съезде қолдады.

Біз қазір партияның алдында ауқымды міндеттер тұрғанын түсінеміз. Ұйым өзінің мойынына үлкен жауапкершілік алғанын сезіне отырып, халықтың сенімінен шығады әрі батыл және сауатты қадамдарымен жас ұрпаққа дұрыс жол көрсетеді деп ойлаймын.

Алқалы жиында белгілі болған­дай, партия жанындағы қоғамдық кеңестердің санын қысқарту шеші­мі де көптің көңілінен шықты. Бұл күштерді жұмылдыру және жауап­кер­шілік аймақтарын бөлуді білдіреді.

Өзім екі республикалық кеңестің мүшесімін. Бұл бастаманы толық қолдаймын. Қысқартылған құраммен де жақсы көрсеткіштерге, нәтижелерге жетуге әбден болады.

Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын қайта ұйымдастыру мәселесіне тоқталсақ, жарналардың 20 пайызы тікелей бастауыш ұйым­дарға қай­тарылатын болады, бұл партия­лықтардың жауапкершілігі мен қатысуын, сондай-ақ жобаларды іске асыру деңгейін арттырады.

Жиында айтылған ұсыныстардың бірі – мобильді қосымша туралы болды. Нақтылай айтқанда, Talqy­lau жаңа диалог алаңы, сондай-ақ пар­тиялық баспасөз орталығы халықпен коммуникация және кері байланыс арналарын іске қосады, бұл бүгінгі күні бірінші кезектегі басымдық берілуі тиіс бағыт.

Бағдарламаның индикатор­лары мен бөлімдерін нақты партия­лықтарға бекіту бізге тағы да әркім­нің дербес жауапкершілігі рөлінің артуын көрсетеді.

Бірқатар жаңа партиялық жоба, сондай-ақ партияның жастар қана­тының жаңа жобалары туралы да сөз болды. Бұл туралы айтуға әлі ерте. Өйткені жұмысты бастауға және алғашқы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беру керек.

Бағыттардың өзектілігі және осы жобалар шеңберіндегі түйткілді мә­се­лелерді қамту жаңа тәсілдерді қажет етеді. Осы ретте Президенттің қатысуымен жастар қанаты форумы­ның ұйымдастырылғанын күтеміз. Мемлекет басшысы жастар форумына арнайы қатысса деген тілек бар. Менің ойымша, Мемлекет басшысы патриот жастарды шабыттандырып, болашаққа дұрыс бағыт береді.

Жалпы, партия жұмысы одан әрі жанданады деген сенім мол. Біз жұмыс істеуге, өзгеруге дайын еке­німізді айтқым келеді. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, өзара сенім білдіру де маңызды екенін ұмытпайық.

 

Айсұлу ЕРНИЯЗОВА,

«Қазақстан еріктілер лигасы» ҚҚ жетекшісі