• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 04 Наурыз, 2022

Алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауады

317 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 5-7 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демалыс күндері циклон Жерорта теңізінен ауысып, елдің көп бөлігіне ылғалдың үлкен қорын әкеледі. Осыған байланысты көп өңірлерде жаңбыр жауады.

5 наурызда - батыста және елдің оңтүстік жартысында, 6 наурызда - елдің солтүстік жартысы мен орталығында қар мен жаңбыр жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Елдің солтүстік бөлігінде бұрқасын соғады.