Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварестің бапкері Эдди Рейносо Альварес пен Головкин арасында өтуі тиіс трилогия туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Егер «Канело» мамыр айындағы жекпе-жекте қарсыласынан айласын асырып, Геннадий Головкин Риота Муратаны жеңсе, қыркүйек айында үшінші жекпе-жекті өткіземіз. Бұл кездесуді жанкүйерлер қалап отырғанын жақсы білеміз. Геннадий Головкин екінші шайқаста жеңілді. Қарымта қайтаруға мүмкіндік берілуі тиіс. Ал «Канело» үшін үшінші жекпе-жек жеке бастың шаруасына айналды. Ол шаршы алаңда көп раунд өткізгісі келеді. Алдымен екі боксшы да алдағы жекпе-жектерде жеңіске жетуі тиіс. Қалған әңгіме сосын айтылады», деді Рейносо өз ойын түйіндеп.