• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Наурыз, 2022

Қазақстанға заңсыз импорттық өнім кіргізбек болғандар ұсталды

351 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде Ираннан, Түркиядан, Қытай Халық Республикасынан, Корея Республикасынан, Ресейден және Өзбекстаннан әкелінетін 500 мың тоннадан астам импорттық карантинге жатқызылған өнімді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

18 ақпан мен 1 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының аумағына фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 31 фактісі әшкереленіп, жолы кесілді.

«Атап айтқанда 14 жағдайда Ресей Федерациясынан 152,7 тонна жеміс-жидек пен сәбіз, Ираннан 45,2 тонна алма және Оңтүстік Кореядан 1 тонна жүгері ұнын импорттау кезінде фитосанитариялық сертификаттардың жоқтығы анықталды.

Сонымен бірге Ресей Федерациясынан 113 тонна ұн, жүгері, құрма, лимон, банан, көкөністер мен басқа да жемістер, Түркиядан 80,4 тонна кептірілген өрік пен Анар және Өзбекстаннан 123,3 тонна кептірілген жеміс импорты кезінде өнім қайталама тексеруге ұсынылмаудың 11 жағдайы белгілі болды», делінген министрлік хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша 3 жағдайда Ресей Федерациясынан 20 тонна кебек пен 30 текше метр кесілген ағаш материалдары мен Өзбекстаннан 5,4 тонна анар импорттаған кезде орамдарда таңбалау болмай шықты.

«Бұған қоса Ресей Федерациясынан 40 тонна лимон импорты кезінде уәкілетті органның рұқсатынсыз жүру жолында өнімнің басқа мекен-жайға жіберілгені әшкере болды. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасынан 58 тонна асқабақ ядросының тұқымын әкелу кезінде карантиндік өнім жарамсыз фитосанитариялық сертификатпен әкелінген.

ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес, өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға әкімшілік материалдар толтырылып, 1,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер карантині саласында 320 бұзушылықты анықтап,  нәтижесінде 24 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды», деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігі.