«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 6 наурыз күні Алматы уақытымен 13 сағат 17 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 604 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.0.
MPV магнитудасы - 4,2.
Тереңдігі - 5 км.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.