• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Наурыз, 2022

Алматы облысында өзендегі су деңгейі көтерілді

396 рет
көрсетілді

Алматы облысында өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке сәйкес, 7-9 наурыз аралығында Алматы облысында күн жылынып, қар аралас жаңбыр жауады.

«Осыған байланысты таулы аудандарда қар тез еріп кетуі мүмкін. Салдарынан тау беткейлерінде су ағыны пайда болады, өзен-көлдердегі су деңгейі көтеріледі» деп мәлім етті кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамынша, 8-9 наурызда Іле Алатауы, Жетісу, Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауында, Батыс Алтай мен Тарбағатайда қатты жауын-шашын жауады, тұман түседі.

Жел екпіні оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады.

8 наурыз күндіз, 9 наурыз тәулік бойы кей жерлерде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.