Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Катонқарағай ауданында жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолында 3 рет қар көшкіні жүрген.
«Аталған тасжолдың 12,14,16 шақырымдарында жалпы көлемі 1300 текше метрді құрайтын көшкін жүрді. Қар жолды жартылай жауып тастаған. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган өкілдері жолды қардан тазартып жатыр», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, өңір жұртшылығына бірнеше күн бұрын қар көшкіні қаупі туралы ескерту жасалған.