• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Президент 08 Наурыз, 2022

Президент Паралимпиада жүлдегерін құттықтады

751 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Герлицті Паралимпиададағы жүлдесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстанның алғашқы медалі. Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін», деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.