Батыс Қазақстан облысында трассадан жеңіл автокөлік ұшып кетті. Жол апаты салдарынан 54 жастағы жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өңірлік полиция департаменті апат 7 наурыз күні сағат 19.30-да Ақжайық ауданы, Томпақ ауылынан 10 шақырым жерде болғаны туралы ақпарат таратты.
«Mitsubishi Montero автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмады және Renault маркалы жүк көлігімен соқтығысуға жол берді. Нәтижесінде жеңіл көліктің жолаушысы қайтыс болды», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.