Ресей Федерациясының үкіметі өздері үшін «қара тізімге» енген елдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталмыш тізімге жаһанның елу елі енгізілген. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Жапония, Швейцария және Еуроодаққа мүше мемлекеттер бар. Деректерге сенсек, Ресей мемлекетінің азаматтары мен компаниялары аталған елдерге қарыздарын рубль бағамымен төлеуге бекініп отырған көрінеді.