• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 08 Наурыз, 2022

Конор енді ешқашан чемпион болмайды – Ислам Махачев

305 рет
көрсетілді

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев екі салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы, ирландиялық Конор Макгрегордың енді ешқашан әлем чемпионы атағына қол жеткізбейтініне сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

«Менің ойымша Конор әлем чемпионы атағына таласады деген сарындағы ақпараттың бәрі де фейк. Мұндай әңгімелер жанкүйерлердің реакциясын байқау үшін айтыла береді. Оған қазір октагонға шығудан бұрын салмақ жасаудың өзі үлкен мәселеге айналды. Жеңіл салмақтағы көптеген спортшылар оны оңай жеңеді. Конор енді Нейт Диаз секілді жасы келіп қалған спортшылармен кездесіп, азын-аулақ ақша табуға ұмтылатын болады. Ол енді ешқашан әлем чемпионы атана алмайды. Мен бұл ойыма сенімдімін», деді ресейлік спортшы өз ойымен бөлісіп.