ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеменің 13,5% деңгейінде сақталуы туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
«ҚР Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 13,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, тиісінше өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша мөлшерлеме 14,5%-ды, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша мөлшерлеме 12,50%-ды құрайды», делінген ҚР Ұлттық банкінің хабарламасында.
Ставканы өзгеріссіз қалдыру шешімі оның ағымдағы деңгейі Ұлттық Банктің геосаяси тәуекелдер мен инфляциялық процестерді жеделдету тәуекелін арттыруға деген реакциясын көрсететіндігіне байланысты.
Бұл ретте сыртқы және ішкі макроэкономикалық ахуал одан әрі нашарлаған жағдайда монетарлық жағдайларды одан әрі қатайту үшін кеңістік қалады.
Ұлттық Банк макроэкономикалық жағдайдың және Қазақстанның қаржы нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда.