• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 09 Наурыз, 2022

«Ювентус» Поль Погбаға 9 миллион еуро жалақы ұсынды

346 рет
көрсетілді

Италияның «Ювентус» футбол клубы Ұлыбританияның «Манчестер Юнайтед» командасының жартылай қорғаушысы Поль Погбаны команда сапына қосуға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы спорт журналисті Руди Галетти өзінің «Твиттердегі» парақшасында жазды.

Деректерге сенсек, туриндік команда франциялық футболшыға жылына 9 миллион еуро жалақы ұсынған.

Сонымен қатар қосымша бонус ретінде 3 миллион еуро төлеудің де жолдарын қарастырған. Қазіргі кезде команда басшылары келіссөздер жүргізіп жатыр. Футболшының өзі осы маусым аяқталғаннан кейін «Манчестер Юнайтедтен» кетуге бекініп отыр.