ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Рахат Келдібайұлы Тоқбаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рахат Тоқбаев 1965 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Алматы халық шаруашылығы институтын, «Тұран» университетін бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы Атбасар жөндеу-механикалық зауытында темір ұстасының шәкірті болып бастады.
1985 жылдан 1998 жылға дейін қаржы-несие мекемелерінде жұмыс істеді.
1998-2001 жылдары — Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының валюталық операциялар бөлімінің басшысы.
2001-2006 жылдары — Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары, Қаржы департаменті басшысының орынбасары.
2007-2013 жылдары — Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы.
2013-2021 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Қазынашылық департаментінің басшысы.
2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.