• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Ауа райы 09 Наурыз, 2022

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

353 рет
көрсетілді

Синоптиктер 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында қар, ал батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, батыста - көктайғақ, оңтүстікте - найзағай күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында – 15-23 м/с дейін жел күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жел 17-22 м/с күшейеді.

Алматы облысының шығысында желдің жылдамдығы 15-20, түнде екпіні 23 м/с, түнде және таңертең оңтүстікте, облыстың орталығында тұман күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең батыста тұман түседі.

Күндіз Ақтөбе облысының орталығы мен оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады, түнде ауа температурасы -13...-15°С, күндіз -7...-9°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Жел 2-7 м/с, түнде ауа температурасы +2...+4°С, күндіз +10...+12°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, кей кезде қатты жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м / с жел соғады, күн күркіреген кезде екпіні 17-22 м/с жетеді, ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +17...+19°С.

Соңғы жаңалықтар