Бүгін Украина аумағында қалған қазақстандықтарды эвакуациялау мақсатында Атырау әуежайынан Катовицеге төртінші репатриациялық ұшақ ұшып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінде нақтылағандай, төртінші борт Нұр-Сұлтан уақытымен 16:02-де ұшты.
«Әуе кемесінің Катовице қаласына шамамен келу уақыты - Катовице уақыты бойынша 16:26 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:26)», деп нақтылады ведомство.