Air Astana компаниясы Ресейге жолаушылар тасымалын орындауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тасымалдаушының ақпараты бойынша, «Air Astana» компаниясы өндірістік себептер бойынша Қазақстаннан Ресей Федерациясының қалаларына ұшатын бірқатар рейстерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.
Қазіргі уақытта Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Мәскеуге рейстер кестеге сәйкес орындалып жатыр.
«Air Astana» өндірістік мәселелерді тез арада шешуге бар күшін салуда. Мәселе сәтті шешілсе «Air Astana» мен «FlyArystan» келесі аптаның басында Ресей қалаларына ұшуды жалғастырады», деп хабарлады компания.