• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2022

Қостанайда қаржы пирамидасы анықталды

348 рет
көрсетілді

Қостанайда «GАР» өндірістік кооперативі ретінде жұмыс істеген қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Кооператив жеке тұлғалардың 30 мыңнан 480 мың теңгеге дейінгі суммадаға ақшаларын тарта отырып, табыс табу қызметін ұйымдастырған.

«Активтерді қайта бөлу жолымен қатысушылардың бірі екіншілердің салымы есебінен байып отырған. Ұйымның кеңсесінде кооперативтің қызметі туралы жарнамалық парақшалар, салымшылардың тізімі, кооператив пен салымшылар арасында жасалған шарттардың электронды форматтағы нұсқалары табылды», деді агенттіктен.

Тергеу жалғасуда, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбады.