• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 10 Наурыз, 2022

«Ғажайып әлем»

949 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы №1 Ба­лалар музыка мектебінің үлкен «Эс­традалық вокал» бөлімінің 2-сы­нып оқушысы Айзада Аманжол­қызының «Ғажайып әлем» респуб­ликалық олимпиа­дасында үздік деп танылып, үздік балалар ертегілер топтамасына енген «Айзаданың ғажайып әлемі» ертегісі желісі бойынша М.Дәулетбақ атындағы балалар театры оқу­шы­ларының қа­тысуымен «Айзаданың ға­жайып әлемі» атты мюзикл-ертегі премье­расы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, осы жылды «Ба­ла­лар жылы» деп жариялаған еді. «Бала­ларға ерекше назар аудару керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпы ұлттық міндетіміз», деді Президент. Осы орайда жас бал­дырған Айзаданың қиялынан туған бұл ертегі бақытты балалықты суреттеп, отбасылық құндылықтарды, ата-ана мен бала, туыс арасындағы жылылықты, бауырмалдылықты, жанашырлықты, бір-біріне деген сенімді дәріптеп, жас көрерменнің патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, отбасылық құндылықтарды ны­ғай­тып, шығармашылыққа деген қызығу­шы­лығын арттырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Республикалық түрлі байқауларға қатысып, жеңімпаз атанып жүрген Айзада Аманжолқызының көркемдік жетекшісі – Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Мәдениет саласының үздігі, Қазақ ұлттық өнер универси­тетінің профессоры Майра Дәулетбақ.