Түркияда Ресей мен Украина сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Дмитрий Кулебаның кездесуі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Министрлер кездесуі Анталиядағы дипломатиялық форум аясында өтіп жатыр, кездесуге Түркия сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглу да қатысып жатыр.
Ресей мен Украина бірқатар қалада бейбіт тұрғындар үшін гуманитарлық дәліздерді ұйымдастыру, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді үнсіздік режимін жариялау туралы келісе алды, бірақ гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істемеді.
Келіссөздер мен оның нәтижелеріне дейін де Зеленский Киев бейбітшілік үшін Ресеймен келіссөздердің жаңа раундына дайындалатынын айтқан болатын.