• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2014

Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар

628 рет
көрсетілді

Бұдан бұрын газетімізде хаба­р­лағанымыздай, әлемдік дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар әзірлеу мақсатында  БҰҰ қолдауымен 2014 жылғы 20-23 мамыр аралығында  VІІ Астана экономикалық форумы шең­берінде ІІ Дағдарысқа қарсы дүние­жүзілік конференция өткізіледі. Жақында G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында «БҰҰ мүше мемлекеттеріне арналған Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың ұзақ мерзімді салдарының алдын алу жоспарының жобасы» атты тақырыпта онлайн-конференция өткізіліп, модератор ретінде Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитеттің атқарушы директоры Марк Узан қатысты. Онлайн-конференция барысында БҰҰ мүше мемлекеттеріне арналған Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың ұзақ мерзімді салдарының алдын алу жоспарының жобасын талқылауға халықаралық және қазақстандық сарапшылар қатысты. Демократиялық ұстанымдарға негізделген жоспар қаржылық-эко­номикалық дағдарыстан шы­ғу­дың тиімді жолдарын табуға, сонымен қатар, болашақ эконо­ми­калық құлдыраулардың алдын алуға, ұзақ мерзімді тең­герім­делген экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағыт­тал­ған. Бүгінгі күні G-Global ақпа­рат­тық-коммуникативтік ала­ңы БҰҰ-ның Әлемдік дағ­дарысқа қарсы жоспарының жобасы үшін дағдарысқа қарсы ұсыныстарды өңдейтін нақты құралға айналды, 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап жоспар белсенді түрде талқылануда. Осы уақыт аралығында G-Global порталын пайдаланушылар, олардың ішінде, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының сарапшылары, ҮЕҰ, іскер және ғылыми орталықтардың өкілдері, саяси және қоғам қайраткерлері 13 000-нан астам баяндама мен зерттеу жұмыстарын, 45 000 сараптамалық шолу мен түсініктемелер, сондай-ақ, жоспар жобасын тиімді қалып­тастыру үшін 300 бейне-конференция өткізді. 2014 жылдың 19 нау­рызы күні өткізілген онлайн-конференцияда жоспар жобасын талқылаудың маңызды іс-шараларының бірі болып табылды. Әлемдік сарапшылар қо­ғам­дастығының белсенді кө­мек көрсетуінің арқасында 2014 жылдың 19 наурызы күні жос­пар­дың алғашқы жобасының және әлемдік сарапшылар қоғамдас­тығының пікір сайысының негі­зінде ақпараттық-ком­му­ника­тивтік тұғырнамада жос­пар­дың шоғырландырылған жо­ба­сы әзірленді. Бұл жетекші сарап­шылардың тиімді және жаһандық үйлестірілген саясат пен әлемдік қаржы-экономикалық архитектураны реформалауға бағытталған үйлесімді, біріккен жұмыстарының нәтижесі болды. G-Global ақпараттық-ком­му­никативтік алаңында онлайн режімде жоспардың жобасын әзірлеудің белсенді үдерісі жү­ріп жатыр. Оған күн сайын ха­лық­аралық ұйымдардың, ғылыми-зерттеу орталықтары мен инсти­тут­тардың өкілдері, сонымен қа­тар, БҰҰ мүше мемлекеттерінің өкіл­дері, беделді саясаткерлер, сарап­шылар және үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері қатысады. Жобаны қалыптастыруға қомақты үлес қосқандардың бірі – Бреттон-Вудс­ты жаңғырту комитетінің же­тек­шісі Марк Узан болып табы­лады. БҰҰ мүше мемлекеттеріне арналған жоспардың жобасын Астана қаласында 2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен өткізілетін ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция қоры­тындысы бойынша қабылдау жос­парлануда. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».