Ақорданың Telegram-каналы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақты түрде оқитын басылымдарға видеошолу ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысы тұрақты оқитын отандық және шетелдік басылымдар арасында: «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Астана ақшамы» газеттерін оқимын. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Түркістан», «Жас Алаш», «қала мен дала», «Деловая неделя», «Время», «Казахстанская правда», «Литер», «Аргументы и факты», «Комсомольская правда» газеттері, «The Economist» журналы бар.
«Мемлекет басшысы БАҚ көтерген өзекті мәселелер бойынша үнемі тапсырмалар беріп отырады», делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.