• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Наурыз, 2022

БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

175 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында үш көлік соқтығысып, 2 жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 10 наурыз күні шамамен сағат 17.15-те Самара-Шымкент тасжолында болған.

«КамАЗ» және DAF жүк көлігі соқтығысты. Соның салдарынан DAF көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Құтқару жұмыстары кезінде «КамАЗ» автокөлігін тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші есін жимастан, қайтыс болды. Содан кейін сол тұстан өтіп бара жатқан «ВАЗ-2115» жеңіл автокөлігі тоқтап тұрған «КамАЗ»-бен түйіскен. Жеңіл көліктің 21 жастағы жүргізушісі, 55 және 36 жастағы екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», дейді  облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.