• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2014

Комиссия қызметіне оң баға

286 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дін және сенім бостандығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Хайнер Билефельдтпен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы адам құқық­та­рының ахуалымен қатар, әркім­нің діни сенім бостандығы консти­туциялық құқықтарының сақталуы мәселелерін де қоса талқылады. Қ.Сұлтанов Конституция бой­ынша зайырлы мемлекет болып табылатын Қазақстанның барлық діни конфессиялардың еркін дамуына кепілдік беретінін және діни бірлесу бостандығы құқығының сақталуы саласындағы қолданыстағы нормалар мен халықаралық міндеттемелерді осы қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқық қолдану тәжірибесіне ие екенін атап өтті. Қазақстанның заңнамасы аза­мат­тардың діни сенім бостан­дығына құқықтарын іске асыруына кепілдік береді. Азаматтық жә­не саяси құқықтар туралы ха­лық­аралық пакт сияқты қазақстандық заңнамада да адамның дін ұста­ну немесе сенімін тарату еркін­дігін жүзеге асыруы тек қоғам­дық тәртіп пен қауіпсіздікті, басқа азаматтардың өмірін, денсау­лығын, имандылығын немесе құ­қықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында ғана заңмен шектелуі мүмкін екендігі бекі­тілген. БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңа құқық қор­ғау жобаларымен, ішінара ал­ған­да жаңа Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы 2020 жылға дейінгі іс-қимыл жос­пары­ның әзірленуімен және халық­тың неғұрлым әлеуметтік жағынан аз қорғалатын топтарының құ­қық­тарын қорғаудың өзекті мәсе­лелеріне қатысты дайындалатын арнайы баяндамалардың жобасымен танысты. БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құқық қорғау қыз­метіне оң баға беріп, жаңа жобаларды әзірлеуде сәттілік тіледі. Өз кезегінде Қ.Сұлтанов БҰҰ-ға адам құқықтарын қорғау және көтермелеу саласындағы сындарлы ынтымақтастығы үшін алғыс айтты және Комиссияның адам құқықтары саласындағы одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. «Егемен-ақпарат».