• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Наурыз, 2022

Демалыс күндері доллар тағы да қымбаттайды

181 рет
көрсетілді

Ұлттық банк 12-14 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демалыс күндері және дүйсенбіде доллар бағамы 510,79 теңге болады. Ал 11 наурызда доллардың ресми бағамы 509,80 теңге болған еді. 12-14 наурыздағы рубльдің ресми бағамы  4,42 теңге.

Айта кетейік, KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 510,79 теңге болды.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 513,82 теңге, ал сату 519 теңгені құрайды. Нұр-Сұлтанда валютаны орташа есеппен 515,94 теңгеден сатып алып, 519 теңгеден сатып жатыр.