• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 12 Наурыз, 2022

ҚР Денсаулық сақтау министрі медициналық қызметпен нашар қамтылған елді мекендерді атады

357 рет
көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырау облысында медициналық қызметпен нашар қамтылған елді мекендерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Республикалық комиссия жұмысының аясында Алмалы, Берекелі елді мекендеріне барғанда келешегі бар, перспективалы ауылдарда дұрыс медициналық ғимараттардың жоқтығы байқалды. Медицина қызметкерлеріне, әсіресе дәрігерлерге, халыққа да жағдайдың жасалмағаны көзге түсті. Әкімдіктің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда осы мекемелерді салу үшін тиісті құжаттар әзірленуде. Келесі жылдан бастап аталған елді мекендерде медициналық ұйымдар салу жоспарланып отыр», - деді Ажар Ғиният облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

«Оның ішінде биыл 7 обьект: Құрманғазы ауданының Қадырка ауылында медициналық бекет, Махамбет ауданының Еңбекшіл ауылында медициналық бекет, Исатай ауданының Аққыстау ауылында фельдшерлік-амбулаториялық бекет, Атырау қаласының Береке шағын ауданында дәрігерлік амбулатория, Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон ауылында дәрігерлік амбулатория, Атырау қаласының Қара депо шағын ауданында дәрігерлік амбулатория құрылысы жүріп жатыр. Кейбір нысандар тіпті салынып бітуге жақын», - деді министр.