• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Наурыз, 2022

Коронавирусқа шалдыққан 26 науқастың жағдайы өте ауыр

254 рет
көрсетілді

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия КВИ-ге шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

13 наурыздағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 10 881 адам (9 825 КВИ+ және 1 056 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 988 пациент стационарда, 9 893 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус инфекциясы), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 89 адамның жағдайы ауыр,

- 26 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.