15-17 наурызда елімізде жаңбыр, қар, тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, сондай-ақ -28°C-қа дейін салқындау күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі», деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК
Болжамға сәйкес, Қазақстанның солтүстігінде ғана солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және түнгі температура -17 дейін төмендейді.