• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Наурыз, 2022

Атырауда 546 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

218 рет
көрсетілді

Атырауда 546 шетелдіктің көші-қон заңнамасын бұзғананы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрінің нұсқауымен Атырау облысы аумағында 10-17 наурыз аралығында республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

«Жедел шараның төрт күнінің қорытындысы бойынша көші-қон заңдылықтарын бұзған 546 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған шетелдіктерді қабылдаған 108 адам жауапкершілікке тартылса, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 15 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзған 17 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды.​ Қабылдау-тарату орнына мәжбүрлі түрде шығару үшін екі тұлға қамауға алынды.