• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Наурыз, 2022

Ақтауда автокөлік тұрған жер опырылып түсті

164 рет
көрсетілді

Ақтауда автокөлік тұрған жер опырылып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 14 шағынаудандағы 17-үйдің ауласында болған. Үй жанындағы автотұрақтың астынан өткен су құбыры жарылып, дымқыл топырақ көлік салмағын көтере алмай, опырылып түскен.

Салдарынан Toyota RAV4 шұңқырға құлап, зақымдалды. Ал коммуналдық сала қызметкерлері суық су құбырын уақытша жауып тастады.