Бұл жайында қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 123 қаулысына сәйкес:
№ 2 балалар музыка мектебіне Роза Бағланованың; № 3 балалар музыка мектебіне Ермек Серкебаевтың; № 11 мектеп-лицейге Өзбекәлі Жәнібековтің; № 49 орта мектепке Қошке Кемеңгерұлының; № 66 мектеп-лицейге Дінмұхамед Қонаевтың; № 69 мектеп-гимназияға Кемел Ақышевтың; № 77 мектеп-гимназияға Фариза Оңғарсынованың; № 83 мектеп-гимназияға Ыбырай Алтынсариннің аты ресми берілді.