Атырауда атыстан үш адам мерт болып, біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облыстық ПД департаментіне сілтеме жасап.
Атырау облыстық ПД департаментінің мәліметінше қаладағы аялдамалардың бірінде атыс болған.
«15 наурызда жергілікті уақытпен сағат 22:10 шамасында Атырау қаласындағы «Авангард-3» шағын ауданындағы аялдамада атыс болған. Атыстың салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Ал, 26 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Атыстың себебін анықталып жатыр.