• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 16 Наурыз, 2022

Қаңтар оқиғасы мемлекетіміз үшін зор сынақ болды

6484 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осылай деді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді.

Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық Уақыты және батыл шешім қабылдап, лаңкестерге тойтарыс бердік. Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.