• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Наурыз, 2022

Қазақстанда Абай және Ұлытау облыстары құрылады

1685 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан өңірінде жаңа облыс құрылмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауы кезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған», деді Мемлекет басшысы.

Бұдан өзге Қасым-Жомарт Тоқаев Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құруды ұсыну қажеттігін айтты.

«Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру — экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім», деді Президет.