• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 16 Наурыз, 2022

Тоқаев: Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету керек

470 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарын дайындауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біздің елімізде ауқымды дағдарысты еңсеру үшін барлық қажетті резервтер мен құралдар бар. Үкімет шұғыл түрде дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың кешенді пакетін іске асыруға міндетті. Ең алдымен, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет. Нарықтағы алыпсатарлық ешбір жағдайда біздің резервтерімізге әсер етпеуі керек. Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі осы бағытта батыл шаралар қабылдауы қажет», деді Президент.