• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Наурыз, 2022

Эвакуация: тағы 14 қазақстандық елге оралады

312 рет
көрсетілді

Украина аумағында қалып қойған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін Польшаның Катовице қаласынан алтыншы репатриациялық рейс ұйымдастырылды. Бортта 14 жолаушы бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 16 наурызда сағат 15:45-те Катовице қаласынан Қазақстанға алтыншы репатриациялық рейс ұшты. Ұшақ Алматыға қонуды жоспарлап отыр. Бортта 14 жолаушы бар», делінген ведомство хабарламасында.

Бүгінгі таңда Украинадан 836 адам шығарылды, олардың 690-ы Қазақстанға репатриациялық ұшақтармен оралды.