• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Наурыз, 2022

Қарағанды аумағында «жасыл» мәртебенің қолданылу мерзімі ұзартылды

255 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа қаулыға сәйкес келесі шаралардың күшін жою туралы шешім қабылданды:

«Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану, бұл ретте субъектілер «жасыл» аймақта қосымшаны ерікті түрде пайдалана алады; Әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар; Міндетті термометрия, үй-жайларға/объектілерге кіре берістегі термометрия өз қалауы бойынша жүзеге асырылады; Үй-жайларда, қоғамдық көлікте міндетті түрде маска кию, маска режимін сақтау; Сovid-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмысқа рұқсат беруді шектеу; Вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кірген және шыққан кезде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу; 3 айдан 6 айға дейін «жасыл» мәртебенің қолданылу мерзімі ұзартылды;  Күн сайын «кіріс» сүзгісіне байланыссыз термометрмен термометрия алынып тасталады. Бұл ретте, «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрияны жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.