Синоптиктер 17 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тек республиканың солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша желдің күшеюі байқалады, тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Республиканың оңтүстігінде найзағай ойнайды», делінген хабарламада.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, жолдарында көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы, тау бөктері аудандарында тұман түседі, найзағай ойнайды, батысында, солтүстігінде, облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, солтүстігінде, шығысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Костанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұма түсіп, оңтүстігінде көктайғақ болады, күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, облыстың шығысында 15-20 м/с жел күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, Атырау облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.