• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2022

Үй алуға көмектесемін деп миллион теңге жымқырған алаяқ ұсталды

483 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында миллион теңгесінен қағылған әйел адам алаяқтың құрбаны атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 33 жастағы әйел полицияға арыз жазып, алаяқтың арбауына түскенін жеткізді.

Жәбірленуші бейтаныс адамға құрылыс салушыдан арзан бағамен пәтер сатып алу үшін миллион теңгеден астам қаражат бергенін түсіндірді.

«Полиция қызметкерлері 38 жастағы күдіктіні ұстады. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.