Қазақстанда Оңтүстік Кореяның жетекші университеттерінің филиалдары ашылуы мүмкін. Мұны Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев пен Ұлттық халықаралық білім беру институтының президенті Ким Енг Гон Сеулдегі кездесуде талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Елші Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындарында техникалық кадрлар даярлауға және Қазақстанда Оңтүстік Кореяның жетекші университеттерінің филиалдарын ашуға қызығушылық білдірді», деп жазды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
2019 жылы Қазақстан мен Корея Республикасының Білім министрліктері арасында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжатқа сәйкес, жыл сайын Қазақстанның 20 студенті мен Оңтүстік Кореяның 20 студенті екі елдің үздік университеттерінде стипендиялық бағдарлама бойынша оқуға мүмкіндік алады.