• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Наурыз, 2022

Қазақстан импорттық тауарлар әкелуді тоқтатпайды

525 рет
көрсетілді

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин импорттық тауарларды алу Қазақстанда тоқтамайтынын айтты. Оның айтуы бойынша, импорттық тауарлардың кейбір топтары арзандауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚА басшысы Қазақстанның ешқандай санкцияларға ұшырамайтынын, бірақ импортқа қатысты белгілі бір логистикалық проблемалар бар екенін атап өтті.

Монополияға қарсы агенттік басшысының айтуынша, импорттық тауарлардың кейбір топтарының арзандауы мүмкін.

«Мұндай санкциялар қысымымен кейбір тауарлар арзандауы мүмкін, өйткені біз Ресей экспортының елі болып табыламыз. Біздің сыртқы сауда айналымының 40% шамамен Ресеймен. Бірақ, бұл мәселеде біз қандай да бір жеткізілімдердің төмендеуін күтпейміз», деп мәлімдеді Серік Жұманғарин.