«Қазгидромет» РМК 18 наурызға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанның оңтүстік жартысында жаңбыр, ал оңтүстіктің таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар жауады. Республиканың солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. ҚР бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын, республиканың оңтүстігінде найзағай күтіледі, деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.
Түркістан облысының таулы, тау бөктері аудандарында тұман, найзағай күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында-тұман, көктайғақ, облыстың оңтүстік батысында 15-20 м/с дейін жел күшейеді.
Шығыста, Қарағанды облысының орталығында бұрқасын, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, облыс орталығында 15-20 м/с дейін жел күшейеді, түнде облыстың оңтүстігінде көктайғақ.
Ақтөбе облысының шығысында жел 16 м/с дейін күшейеді, түнде бұрқасын болады, облыстың оңтүстігіне түнде тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейесе облыстың солтүстік-шығысында тұман болуы ықтимал.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Солтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында тұман, шығыста 15-20 м/с дейін жел күшейеді.
Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, түнде Атырау облысының батысында тұман түседі деп күтілуде.