ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғаны үшін дипломаттарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтарын Украинадан эвакуациялау бойынша жұмыстарды сәтті ұйымдастырғаны үшін»:
ІІІ дәрежелі «Барыс» орденіменКәлетаев Дархан Аманұлы - ҚР Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
І дәрежелі «Айбын» орденіменҚызыр Думан Манарбекұлы - ҚР Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі;
ІІ дәрежелі «Достық» орденіменҚаражанова Макка Сағынғалиқызы – Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі;
Маслюк Галина Дмитриевна - ҚР Львов қаласындағы Құрметті консулы (Украина);
«Құрмет» орденімен Аслан Аманжолұлы Әлібеков - ҚР Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі (Консул міндетін атқарды);
«Ерен еңбегі үшін» медаліменЖаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы - ҚР Молдова Республикасындағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі;
Кагенов Азамат Мағжанұлы - ҚР Румыниядағы Елшілігінің атташе-консулы;
Маманов Дархан Серікұлы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы-консулы;
Сәбитұлы Бекзат - ҚР Польша Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы-консулы;
«Шапағат» медаліменАмангелдин Руслан Берекеұлы - ҚР Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары;
Денисенко Анна Владимировна - ҚР Украинадағы Елшілігінің консулының көмекшісі;
Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы - ҚР Украинадағы елшілігінің екінші хатшысы;
Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы - ҚР еріктілер корпусының басшысы.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.