Павлодар облысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй сертификаты беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, өңірде 2022 жылы оқушылардың қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруін қарастырған. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй сертификаттарын бөлу жоспарлануда
«Іс-шаралар жоспары әзірленді, оған 8 бөлім, 64 іс-шара кіреді. Іс - шараларды жалпы қаржыландыру 34247,1 миллион теңгені құрайды», деді Д.Болатханұлы.
Спикер 2022 жылы балаларды әлеуметтік қолдауға басты назар аударылатынын атап өтті.