Финляндияда өтіп жатқан жастар арасындағы Еуропа біріншілігінің (U-19) іріктеу турнирінде Қазақстанның футзалшылары сәтсіз өнер көрсетуде.
Кеше жерлестеріміз алаң иелерімен кездесті. Бұл матчта Суоми елінің өкілдері айқын басымдық танытты – 1:7.
Осылайша Қазақстан құрамасы қатарынан екінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. Алғашқы матчта олар Польшадан 2:3 есебімен жеңілген болатын. Кеше финдерден ойсырай ұтылды. Бүгін жерлестеріміз Босния мен Герцеговинаға қарсы ойнайды.