Бүгін футболдан Қазақстанның жастар құрамасы 2023 жылы өтетін Еуропа біріншілігінің іріктеу турниріне өз даярлықтарын бастайды.
Бас бапкер Қайрат Нұрдәулетов команда сапына мына ойыншыларды шақыртты:
Қақпашылар – Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Вадим Петров («Қызыл-Жар») және Қажымұқан Төлепберген («Ордабасы»). Қорғаушылар –Арсен Бұраншиев, Дамир Қасаболат, Егор Ткаченко («Кайрат»), Сағи Совет («Астана»), Лев Скворцов («Тұран»), Жалғас Жақсылықов («Тараз»), Дінмұхаммед Қашкен («Жальгирис», Литва) және Александр Широбоков («Қайрат-Москва», Ресей). Жартылай қорғаушылар – Сұлтан Сағынаев, Станислав Басманов («Астана»), Еркебұлан Сейдахмет, Данияр Үсенов («Қайрат»), Елхан Астанов («Ордабасы»), Дінмұхаммед Қараман, Ерсұлтан Қалдыбеков («Тараз»), Дамир Марат, Жасұлан Кайыркенов («Ақсу») және Жасұлан Жұмашев («Тобыл»). Шабуылшылар – Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Вячеслав Швырев («Қайрат») және Мирас Тұрлыбек («Ақсу»).
Өкінішке қарай, еліміздің жастар құрамасы іріктеу турниріндегі бес кездесудің барлығында ұтылып, жарыс кестесінде соңғы орынды қанағат тұтуда. 29 наурызда жерлестеріміз Алматыдағы Орталық стадионда Шотландия құрамасын қабылдайды.