• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Наурыз, 2022

Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

651 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» 2022 жылғы 19-21 наурыз үндерінің күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Апта соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклоны ықпалында болады, осыған байланысты аязды, көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда Жаңа жер архипелагы жақтан келетін циклон 20 наурызда республиканың солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарына әсер ете бастайды. Циклон оңтүстік-шығысқа қарай ауысып, 21 наурызда республиканың басым бөлігін қамтиды. Осыған байланысты ауа температурасы жоғарылап, күн күрт бұзылады, атап айтқанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Республика бойынша тұман түсуі ықтимал»,  делінген синоптиктер хабарламасында.