• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 18 Наурыз, 2022

Жанкүйерлер «Канелоның» жеңісін мойындамайды – Шон Джонс

784 рет
көрсетілді

Boxingnews24.com сайтының тұрақты авторы Шон Джонс «Канело» - Головкин трилогиясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен екінші рет кездескен кезде қазақстандық боксшы отыз алты жаста болатын. Ол сәуір айында қырық жасқа толады. «Канело» трилогия өткізу үшін Головкинді осылайшы төрт жыл күттіріп отыр. Қысқасы, мексикалық боксшы трилогия қорытындысы бойынша жеңімпаз атанса да, жұрт оның жеңісін толыққанды мойындамайды», деп жазды ол кезекті мақаласында.