Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ШҚО маңызды тас жолдарға қар көшкіні түсуі мүмкін.
«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 420-450 шақырымында (Берел ауылынан Рахман қайнары санаториіне дейінгі аралық) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады», делінген ақпаратта.
Құтқарушылар сапарға шығар алдында жолдардың жағдайын «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.